Дәріс ҚР-дағы әлеуметтік жұмыстағы басқару.

Қазақстанда соңғы жылдары әлеуметтік жұмыс мәселесі күннен – күнге қарқынды даму үстінде. Кез – келген дамыған қоғамға, әсіресе қоғамдық дифференциация бар болған жағдайда әлеуметтік қызметкердің лауазымы арта түседі. Оның ең негізгі еске ала кететін моменті – басқару, нақтырақ айтсақ, болашақ әлеуметтік қызметкерді оқыту жолындағы басқару процесі.

Басқару жеке қозғалыс траекториясы бар процестерге қатысты және ішкі көздер арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру менеджерінің міндеті керекті жағдай жасауда, оларды мақсатты ізденіске қосу, осы тұтас процесті қабылдау қабілетін қалыптастыру, бөлек процестердің әрқайсысыларының дамуын қамтамасыз ету, оның негізінде жатқан қарама-қайшылықтарды анықтай алу, оларды шешу жолын табу, еш бұйрықсыз осы процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жұмыста білім беруді, әсіресе оқыту процесін басқаруды жалпы қатаң регламенттелген әрекет деп түсіну негізсіз. Біз оқыту қызметін басқару қызметімен теңдестіруге ұмтылмаймыз, олар екі жеке дара маңызды қызмет түрі. Бірақ менеджердің басқарушылық қызметі объектісінің ерекшелігін ескере отырып, екеуара міндеттің теориялық тұрғыда келесідей табысты шешімін табуға болады: оқу орнының басшысы қызметін оқытушылық процесті басқарудың шынайы педагогикалық мазмұнымен толтыру және оқытушы қызметінен басқарушылық аспектіні бөліп алу керек.

Әлеуметтік жұмыста білім беру менеджері қызметі табиғатынан полифункционалды, ол ұйымдастырушы, администратор, зерттеуші, педагог, қоғам қайраткері ролін орындайды. Менеджер, дәлірек айтсақ, әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беруші менеджерлер қызметінің құрылымы соңғы жылдары жиі зерттеу объектісіне айналуда. Осы проблема бойынша түрлі көзқарастар айналып келгенде құрылымына байланысты түсініктің әртүрлі трактовкасына әкеп соғады.

Әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру сапасы менеджері қызметі адамға бағытталған, және ол өз қызметін осы адамдар арқылы жүзеге асырады. Адамдармен жұмыс – адамзат қызметінің ең күрделі де қиын түрі. Педагогикалық ұжымды психологиялық-педагогикалық білімсіз басқару мүмкін емес: қарым-қатынас психологиясы, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, педагогика, білім философиясы. Әлеуметтік жұмыс саласындағы менеджерге және жай менеджерге риторикадан, педагогикалық шеберліктен, аутотренингтен, конфликтологиядан; эстетикадан (бөлме эстетикасы, басқарушылық еңбек, тәрбиелеушілік еңбек эстетикасы, тұлға эстетикасы, ұжымның эстетикалық тәрбиесі); этикадан білімден жүйесі қажет.

Заман әлеуметтік жұмыс саласындағы менеджерлерден білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыру қызметіне, білімнің үнемі жаңалануына байлынысты нарық конъюктурасының, сұраныс пен ұсыныс динамикасының жағдайын зерттеу үшін маркетингтік қызметке енуін талап етіп отыр. Ол үшін әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру менеджері маркетинг негіздерін білуі керек, мемлекеттік тіл мен шет тілдерін меңгеруі тиіс.

Дегенмен, ұйымды басқару үшін тұлғалық қасиеттер жиынтығының болуы жеткіліксіз. Бұған қоса кәсіби деңгейдің негізі болып саналатын белгілі білімдер жүйесі қажет. Кез келген қызметтегі кәсібилік арнайы білім мен кәсіби дағдының үйлесімдігі нәтижесінде құрылады. Арнайы білімсіз арнайы қабілеттер мен тұлғалық қасиеттердің дамуы мүмкін емес. Әлеуметтік жұмыс саласындағы менеджер өзінің басқарушылық қызметі процесінде нақты пәндік білімді игеруі керек, өйткені дәл осы білім бүкіл кәсіби біліктіліктің қалыптасуының іргесін қалайды. Әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру менеджеріне қажетті білімдер – менеджмент негіздері. Өзінің басқарушылық қызметінде минималды шығынмен максималды нәтижеге жету арқылы табысқа ие боламын деген әлеуметтік жұмыс саласындағы менеджер менеджменттің, әлеуметтік жұмыстың заманауи технологияларын білумен қатар оларды қолдану керек, менеджмент негіздерін білу білім беру мекемелерін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді (адам ресурстарын тиімді пайдалану, ұжым мүшелерінің жауапкершілік сезімі мен процеске араласуға ынтасын дамыту, ұжымды басқарудың әдіс-тәсілдерін, модельдерін, принциптерін қолдану).

Әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру процесін жоспарлау мен жобалау туралы мәселеге тоқталайық. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқу процесін ұйымдастырудың өз реті бар. Әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру процесінің құрылуы әр ЖОО-дағы ғылыми әдістемелік жұмыс бағытының ерекшеліктері мен, оқытушылар құрамының біліктілігі мен ғылыми мектептердің болуымен кәсіпорындар мен ғылыми мекемелермен бұрыннан қалыптасқан байланыстардың болуымен студенттерді өзіндік және ғылыми жұмыстармен қамтасыз етумен және басқа көптеген факторлармен тікелей байланысты болады.


2294284416734176.html
2294319418438855.html
    PR.RU™